Бұл бағытта тиісті жұмыстарды еліміздің ғылым министрлігі жүзеге асырып жатыр. Жақында британдық жетекші оқу орнының филиалы ашылуы мүмкін. Саясат Нұрбек Біріккен корольдіктің университеттері жетекшілерімен кездесу барысында осындай ұсыныс жасады.
Айболат Абитбеков, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің департамент басшысының орынбасары:
- Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының әлемнің жетекші 5 университетінің, соның ішінде техниалық бағыттағы ЖОО филиалын ашу туралы тапсырмасына кеңінен тоқталды. Британдық әріптестеріміз еліміздегі жүзеге асып жатқан жұмыстарға қызығушылық білдірді. Тараптар ынтымақтастықты бұдан әрі тереңдете түсу туралы байламға келді.
Сонымен қатар Шинхан университеті филиалы ашылады деп жоспарлануда. Таңғы шық елінің ең үздік жоғары оқу орындарының бірі Қызылорда қаласында орналасады. Сонымен қатар облыс әкімдігінің хабарлауынша, оқу орынының басшылығы Сеул кибер университетімен бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге келді.
Айта кетейік, шетелдік оқу орындарының филиалдарын Қазақстанда ашу еліміздің әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануына, сондай-ақ, республика экономикасын арттыру мақсатында жоғары білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.