Конституциялық реформа және оның Қазақстан үшін маңызы. Бұл туралы елордада өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланды. Ұлттық академиялық кітапхана қабырғасында ұйымдастырылған шара Ата-заң күніне орайластырылды. Оған белгілі ғалымдар мен құқықтанушылар, заңгерлер қатысты.
Марат Бәшімов, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры:
– Біздің Конституция – бұл Ата Заң. Ата Заң деген барлық заңнан жоғары. Тура нақты күші бар деген сөз. Міне, біз қалай естідік, солай болу керек. Сөз бостандығы дедік пе, сөз бостандығы болу керек. Басқа шаралар жүргізгенде көп нәрсе теңдікке, әділеттікке, объективті түрде бостандыққа деген нәрселердің бәрі де осы комментарийлердің сөзін тапты.
Кездесу барысында «2022 жылғы 5 маусымдағы Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға түсініктеме» атты кітаптың таныстырылымы өтті.