Жоба есебінен «Достық» және «Алтынкөл» шекара маңындағы теміржол станцияларындағы жүктеме азайып, екі елдің өткізу қабілеті 20 млн тоннаға артады деп жоспарлануда. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, жаңа нысанның ашылуы ұзындығы 270 шақырым болатын Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісін салу шеңберінде жоспарлануда. 2023 жылдың маусымына дейін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленiп, ал құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланды.
Айта кетейік, өткізу пункті мен теміржол желісін салудың болжамды құны – 32 млрд теңгеден астам деп жобаланған. Сондай-ақ аспан асты елімен шекарада құрғақ порт пен логистикалық парк ашу жоспарланып отыр. Бұған дейін аталған тапсырманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын.