Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы, еліміздің белсенді азаматтары, студенттер және жергілікті қазақ диаспорасы осы уақытқа дейін шамамен 160 мың АҚШ долларын құрайтын жүкті апат аймағына жөнелтті. Гуманитарлық көмек түрік билік органдарының келісімімен жасалуда, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі. Еліміздің Ыстамбұлдағы бас консулы Әлім Байел Түркияға қолдау көрсетіп жатқан азаматтарға алғыс айтты.