Сапасыз құрылыстарды жөнге келтіріп, шаһар тұрмысына қолайлы жағдай жасау. Осының қамында еліміз бойынша бірыңғай Қала құрылысы кадастры мен сараптамасы әзірленіп жатыр. Бұдан былай жер учаскілері мен инфроқұрылым желілеріне бірегей номер беріліп, әрбірі интерактивті картаға енгізіледі. Яғни, автоматтандырылған сандық жүйе қаладағы ғимараттар, құрылыстар мен инженерлік желілер және абаттандыруға қатысты деректерді жинау, өңдеу, сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде тұрғындар мен кәсіпорындарға коммуналдық нысандарға жедел қосылуға мүмкіндік бермек. 2023 жылдың соңына дейін Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын толық ендіру жоспарланған. Ал 2024 жылға қарай барлық өңірлік желілер түгенделетін болады.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
- Бұл біріздендіру, жеке сәйкестендіру нөмірмен ұқсастығы бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруді, адами факторды болдырмау, бас жоспарларға және егжей-текжейлі жобалау жоспарларына сәйкес жүйеде эскиздік жобаны келісуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ құжаттардың нысаналы мақсатқа сәйкестігіне түпкілікті тексеруді жүргізуге мүмкіндік береді.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Бұл шаралар құрылысты жобалау кезінде қаражатты барынша үнемдеуге және құрылыс талаптарын қатаң сақтауға мүмкіндік береді. Интерактивті карталарда бос жатқан жер учаскелері мен инфрақұрылым туралы соңғы мәліметтер болады.
Жеңіс Ермұқанов