Дүниежүзілік көшпенділер ойыны туралы бейнеролик
«Webby Award» сыйлығына үміткер атанды. Бұл беделді марапатты АҚШ-та
«Интернет-контенттің Оскары» деп жиі атайды. Lonely Planet халықаралық баспасы жасаған
бейнеролик «Мәдениет және өмір салты» санатында «Үздік қысқаметражды әлеуметтік
видео» аталымы бойынша ұсынылды. Сайысқа National
Geographic, Sotheby's роликтері де қатысады.
Шырын Мусина, «Kazakh Tourism» ҰК басқарушы
директоры:
- Жеңімпаз ішінара дауыс беру арқылы анықталады.
Қазақстанға қолдау көрсетіңіздер. Дәстүрімізді, бай мұрамыз бен әдемі
табиғатымызды көпшілікке паш етейік. Осыған үлес қосыңыздар.

