Елордада әлемдік діндерге арналған фотокөрме ашылды

Елордада әлемдік діндерге арналған фотокөрме ашылды

Нұр-Сұлтанда әлемдік діндерге арналған 20-дан астам фотокартина көшпелі көрмеге қойылды. Экпозицияның негізі мақсаты - 130-дан астам этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын конфессияаралық және этносаралық келісімнің бірегей қазақстандық моделін көрсету. Шараны еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы ұйымдастырды. Бірегей фотокөрме елімізде қыркүйек айының ортасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндердің жетінші съезіне орайластырылғанын айта кеткен жөн.

Булат Сәрсенбаев, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының төрағасы:

– Көрмеге Христиан, Ислам, Иудаизм және Буддизмге қатысты фотосуреттер қойылған. Талғампаз көрерменге бұл туындылар қызықты болады деп ойлаймын, себебі мұндағы суреттерді бізге Мысырдағы, Исламабадтағы, Ресейдегі және басқа да елдердегі серіктестеріміз жіберді. Сондай-ақ біз Қазақстан аумағындағы дін тарихына арналған экспозицияның Ұлттық музейде ашылуын жоспарлап отырмыз және өткен сьездердің тарихына арналған фотокөрмені Бәйтеректің жанында өткіземіз.