Қазақстандықтар арасында ұлттық спорт түрін таңдаушылар қатары артып келеді. Олардың саны соңғы 3 жылда 35%-ке өсті. Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы 432 мың адам ұлттық спорт түрлерімен айналысса, 2022 жылдың соңында көрсеткіш 584 мың адамға жеткен. Аталған спортиы таңдаушылар арасында Түркістан облысы көш бастап тұр. Үздік үштікте Жамбыл және Алматы облыстары келеді. Сонымен қатар еліміздің өзге де аймақтарында белсенділер қатары арта түскен. Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы тұрғындары төл спорт түрлерін таңдай бастаған.
Айта кетейік, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, көкпар, асық
ату мен бәйге Қазақстанда ең танымал
ұлттық ойындары деп танылды.