«Абайдың ұлылығы». Әзірбайжандық тарихшы, саясаттанушы Теймур Октайоглы Атаевтың Абай Құнанбаев туралы туындысы осылай аталады. Авторға туындыны жазу идеясы Қазақстанға сапары барысында келген. Ол қазақ елімен танысу барысында хәкімнің есімін жиі естіп және естіп қана қоймай оның шығармаларымен жақынырақ таныса бастаған. Әуелгіде мақала жарыққа шықан, кейін ол толық жинаққа айналған. Жазушының айтуынша, Абайдың артына қалдырған мұрасы мәңгі. Оны кешегі күнмен ғана емес, бүгінмен, ертеңмен тығыз байланыстыруға болады. Ұлы ақынның шығармалары қазаққа ғана емес адамзатқа ортақ құнды мұра дейді ол. Айта кетейік, кітаптың таныстырылымы Әзірбайжан Республикасы елшілігінің қолдауымен елордада өтті.
Теймур Октайоглы Атаев, кітап авторы, Әзірбайжан:
– Абай – дара тұлға. Оның шығармалары бүгінгі күнді айтып отырғандай. Яғни, ғасыр бұрын оның көтерген тақырыптары бүгінгі күні өзекті. Абайды тек қазақтың ғана емес, барша түркі әлемінің ағартушысы, ғұламасы деп жатады. Шынына келсек ол рас. Ол үнемі ауқымды тақырыптарды көтеріп, айтып кеткен тұлға. Мен оны кейде біздің ағартушыларымыз бен Мырза Фатали Ахундов, Ғабдолла Тоқаймен салыстырамын. Бұл ғұламалар ғылымды – білімді жасап тастап кеткен адамдар десем, қате айтқаным болмас.