221 мың теңге. Қалада тұратын қазақстандықтардың орташа жалақысы осындай. Ranking.kz порталының мамандары Статистика бюросының мәліметтерін негізге ала отырып, халық кірістерін есептеген. Ауылда тұратындар орта есеппен 161 мың теңге еңбекақы алады.
Ірі шаһар тұрғындарының жалақылары ең жоғары екені анықталған. Мысалы, елорда тұрғындарының орташа табысы 276 мың теңгені құраса, алматылықтардың кірісі 246 мың теңгеден асады. Қарағанды облысының тұрғындары да осы көлемде еңбекақы алады екені. Ал ең төмен жалақы Түркістан мен Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген. Қала және ауыл тұрғындарының кірістеріндегі айырмашылық 40-тан 38% дейін қысқарған.
Авторы: Ақзер Сегізбай