Қазақстанда реабилитолог дәрігерлерді дайындайтын жаңа орталық ашылады. Оған Оңтүстік Корея мемлекеті қолдау көрсетпек. Мұндай шешім Тэгу қаласында қазақстандық дәрігерлердің тағылымдамасының қорытындысының нәтижесі бойынша қабылданды. Айта кетейік, отандық дәрігерлер 1 ай бойы таңғы шық елінде корейлік әріптестерінің лекцияларына қатысып, жұмысын бақылады. Қазақстандық дәрігерлердің айтуынша, Кореяда ауыр дертке шалдыққан науқастарды оңалту мерзімі біздің елге қарағанда ұзағырақ, ал сауықтыру ортылақтары заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Екі елдің дәрігерлері теле-медицина арқылы тәжірибе алмасу туралы келісімге келді.
Мұрат Дәулеткелдіұлы, Алматы клиникалық ауруханасының инструкторы:
- Больницада шұғыл жөнелту жәшіктері бар. Сол арқылы тезірек дәрілерді отделенияларға жеткізеді. Бізде ондай жоқ.
Нұрдәулет Мұхамеджанов, Алматы клиникалық ауруханасының инструкторы:
- Аппараттарда ерекшеліктері, ал инструкторлардың жұмысы біздікімен бірдей
Чон Тэ Ду, оңалту медицина департаментінің директоры:
- Келесі айда біз алғашқы оңалту емдеу академиясының жұмысын бастаймыз. Алматыдағы оқу орталығында сауықтыру ғана емес, физиотерапияны да үйрететін боламыз. Біз сондай-ақ телемедицинаны қолданамыз және зум арқылы оқытамыз.