Қазақстанда Ауыл шаруашылығы банкі пайда болуы мүмкін. Бұл жер емген аймақтардағы еңбеккерлерді қолдауды күшейту үшін қажет деп санайды, сенатор Мұрат Бақтиярұлы. Халық қалаулысы бейінді қаржы институтының құрылуы маңызды салаға айтарлықтай қолдау көрсететініне сенімді. Айтуынша, бұл мәселемен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өздері депутаттарға жүгінген. Аграрилер негізінен суармалы жерлерге қатысты күрделі мәселелерге тап болып, су құбыры және кәріздік жүйелердің әбден тозығы жеткеніне шағымданған. Оларды алаңдататын енді бір гәп – минералды тыңайтқыштардың қымбаттығы. Биыл бұл өнімдердің құны былтырғыдан шамамен 3 есеге артқан. Депутаттың сөзінше, бағаның шарықтап өсуіне делдалдар себепші.
Мұрат Бахтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Біздің ауыл шаруашылығы өндірушілері ЕЭО-ға енген Ресей, Беларусь елдерінің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен бәсекеге түсе алмай отыр. Өйткені бұл елдердің шаруаларының жері мен мүлкін кепілдікке алып, ұзақ мерзімге арзан несие беретін, бөлімшелері барлық ауданда орналасқан агробанктері қызмет етеді. Осы кезге дейін Парламент қабырғасында бірнеше рет көтеріліп, бірақ шешімін таппай жатқан мәселе – арнайы мамандандырылған ауыл шаруашылығы банкін ашу. Оның оң шешілуін бүкіл шаруа күтіп отыр.