12 тамыз
– Халықаралық жастар күні. Осыған орай Қазақстанда «Жастар апталығы»
басталды. Бұл туралы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 7 тамыздан бастап еліміздің түкпір-түкпірінде
қайырымдылық, волонтерлік және экологиялық шаралар, бос жұмыс орындары
жәрмеңкесі, түрлі фестивальдар, концерттер мен жастарға арналған семинарлар
өтуде. Апталық «12 игі іс» қайырымдылық акциясымен басталып, Қазақстанның әр
аймағында өткізілмек. Бұл күндері жас еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері
қарттар үйлеріне, балалар үйлеріне барып, экологиялық акциялар өткізіп, мұқтаж
жандарға көмек көрсетеді.