Қазақстан 25 елмен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтірді. Бүгінде өзге мемлекеттермен 76 бағытта аптасына 257 рейс орындалып жатыр. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, ел ішіндегі әуе қатынасының желісі де толығымен қалпына келтірілді. Қазір 57 ішкі бағыт бойынша 605 тұрақты рейс жүргізіледі.
Төтенше жағдай кезінде қызметтің тұралап қалуы кесірінен ұша алмай қалған жолаушылардың құлағына алтын сырға! Министрлік билет құнын толық көлемде қайтару мүмкіндігі қарастырылғанын немесе сатып алған жерлеріне барып басқа күндерге тегін ауыстыра алатынын еске салады.