Кенепке емес кілем бетіне түскен көркемсурет. Елордада етек жайған «Qazaq
Content» атты көрмеде бірегей қылқалам туындыларын тамашалауға болады. Қазақстандық
суретшісі - Әсел Сабыржанқызы Ұлы даланың ханшайымдары мен батыр қыздары
бейнеленген 15 еңбегін ұсынды. Автор әрбір образ тарихи жәдігерлер мен
дереккөздерден алынғанын айтады.
Әсел Сабыржанқызы, суретші:
-Бұл бірегей техника. Жалпы бүкіл ТМД-ның аумағында осы
мәнерде жұмыс істейтін суретшілер жоқтың қасы. Білуімше, Шығыстағы елдердің
бірінде осындай ерекше дүниелер жасайтын қылқалам шебері бар. Алайда, бізді
орындау техникамыз ерекшелейді.
Ұжымдық көрмеге енді
бір танымал отандық суретші - Алмас Нұрғожаевтің ауқымды картиналары мен мүсін
шебері - Шалқар Қабдештің гиперреализм
бағытындағы инсталляциялық композициялары қойылған.
Лейла Махат, «Kulanshi» қазіргі заманғы өнер орталығының
жетекшісі:
-Әселдің кілемдердегі техникасы, Алмастың үлкен монументалды
жұмыстары және Шалқар Қабдештің металл торларынан жасаған ерекше инсталляциялары
- Қазақстандағы қазіргі көркем өнер саласын айшықтайтын туындылар жинағы десе
болады.