Қазақстан Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстан Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстан Түркия Республикасына тағы қосымша гуманитарлық көмек жібереді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тиісті тапсырма берді. Осыған орай жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі.

Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жеткізді

Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізді. Бұл Сирияның бас қаласына жөнелтілген үшінші рейс. Алда тағы бір рейс жеткізу жоспарда. Гуманитарлық жүктің жалпы көлемі 50 тонна. Соңғы деректер бойынша, мұнда жер сілкінісінен көз жұмғандар қатары 5 700-ден асты. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, араб елінде табиғи апат салдарынан 5 миллион 300 мың адам баспанасыз қалған.