Қазақстандық
шаруалардың егіс науқанына дайындығы қыза түсті. Аграрлық несие корпорациясы
«Кең дала 2» бағдарламасы бойынша өтінімдердің жалпы пулын қалыптастырды. Тізімге
шамамен 240 млрд теңгеге 2 мыңнан астам өтініш енген. Оларды қабылдау былтыр
қараша айының соңында басталды. Бүгінде 170 млрд теңгеден астам сомаға 1400
жуық өтінім қаржыландырылды. Бұл ретте Ақмола, Қостанай және Түркістан өңірлерінің
жер емген шаруалары белсенділік танытуда.
Олжас Тлебалдин, ҚР АШМ ресми
өкілі:
- «ҚазАгроҚаржы», сондай-ақ биыл жеңілдікті лизингке 200 млрд теңге жоспарланған 5,5 мың бірлік
ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу көзделген. Бүгінде қажетті техниканың 95%
егсіке сақадай сай және наурыз айының соңына дейін дайындық көрсеткішін 100% жеткізу
межеленген. Сондай-ақ, қазіргі таңда минералдық тыңайтқыштарды жөнелту
жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде оның 63 мың тоннасы тиелді.
АӨК дамытуға 1,5 трлн теңге бағытталады
Инвестициялық
жобаларды жүзеге асыруға, көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізуге
және ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне Аграрлық несие корпорациясы мен
«ҚазАгроҚаржы» арқылы жалпы 1,5 трлн теңге бағытталады. Бейінді министрлік жобаларды
несиелендіру кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, суармалы
алқаптардың аумағын кеңейтуге, жылыжайлар мен өңдеу кәсіпорындарын салуға және
жемшөп өндірісін кешенді түрде дамытуға басымдық берілетінін тілге тиек етті.

