Түркістан облысында мақта кластері құрылады

Түркістан облысында мақта кластері құрылады

Қазақстанда ауқымды мақта кластері құрылады. Ол Орталық Азиядағы ең ірі мақта өсіру кешені болмақ. Қытайлық компания жобаға 200 млрд теңгеден астам инвестиция салуға ниетті. Түркістан облысында шитті шикізат өсіруден бастап одан дайын киім шығаруға дейінгі толық өндіріс құрылады. Еліміздің Премьер-министрі тиісті қаулыға қол қойды. Бұл кәсіпорынның жалпы аумағы 60 мың гектарды құрайды деп күтілуде. Жаңа кластердің құрылуы мақта өндірісін озық технологиямен жаңғыртуға жол ашады. Мұнда тамшылатып суару және тыңайтқыштарды шашудың заманауи жүйелері, 200 сорғы станциясы, сондай-ақ 500 шақырымнан астам суландыру және тарату арналары салынатын болады. Мамандар бұл тың әдістердің арқасында өнімнің шығымы мен сапасы әлдеқайда арта түсетінін айтады. Бірегей ірі жоба отандық тоқыма өнеркәсібінің өндірістік қуатын нығайтуға және Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Бүгінде Түркістан өңірі еліміздің мақта шаруашылығының ең ірі орталығы саналады. Аймақтағы  бар егіс алқаптарының 16%  осы дақылды өсіруге берілген. Биылғы маусымда облыс бойынша 144 мың гектарға мақта егіліп, жиын-терім толық аяқталды. 428 мың тонна рекордтық шикізат жиналды.  Ендігі кезекте  шаруалар өнімді экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.

Әлібек Плалов, Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Қайта өңдеп, дайын өнімді экспортқа шығару біздің басты мақсатымыз. Өз кезегінде ауылшаруашылық өндірушілердің әлеуметтік, экономикалық жағдайы жақсаратын болады бірншіден. Екіншіден бағаның тұрақты болуына өз әсерін тигізетін болады.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?