ЕАЭО тауар айналымы рекордтық деңгейге жетті

2022 жылы өзара сауда көлемі 80 жарым млрд доллардан асты. Бірыңғай кеңістіктегі экспорт көлемін Қазақстан, Армения, Беларусь және Қырғызстан 10 миллиард долларға ұлғайтты. Бұл жөнінде Еуразиялық даму банкінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл ретте, еліміздің одақ ішіндегі жеткізілімдері - 2 млрд жуық, Армения - 1,6 млрд, Беларусь - 5 жарым млрд, Қырғызстан - 646 млн доларға өсті.