Халықаралық бизнес тарапынан Еуразиялық экономикалық одақ
нарығына қызығушылық артып келеді. Әсіресе, Азия, Таяу Шығыс, Африка және Латын
Америкасы елдерінің кәспкерлері үшін аса тартымды бола түскені байқалады. Ресейлік
Стандарттау институты бас директорының орынбасары Алексей Ивановтың пікірінше,
бірыңғай техникалық ережелер компаниялардың бірден бес мемлекеттің нарығына
кіруін жеңілдетеді.
Алексей
Иванов, «Ресей Стандарттау Институты» ФМБМ бас директорының орынбасары:
− Сыртқы алаңдардан осы
нарықтың құрылымына қатысты сұраныс артқаны байқалады. Бұндай қызығушылық
біздің нарқымыз олар үшін өте қажет дегенді білдіреді. Себебі көптеген елдер
осы нарыққа кірудің амалдарын зерттеп жатқанын білеміз. Яғни, бұған мүдделік танытқандар аз емес. Көбі
осы бағытта белсенділік танытқанымен, әзірге біздің қатарымызда жоқ. Олардың қосылуы
уақыт еншісінде. Дені біздің нарыққа шығу үшін ортақ талаптар мен ережелерге
сай өз өнімдерін жетілдіріп, сипаттамаларын қайда қарау керектігін түсінеді.

