Е.Қарин: Қ.Тоқаев сұхбаты ішкі саясаттың күн тәртібін бағдарлайды

Е.Қарин: Қ.Тоқаев сұхбаты ішкі саясаттың күн тәртібін бағдарлайды

Қазақстан Президентінің жыл басында ашық әрі мазмұнды сұхбат беруі жаңа саяси дәстүрге айналып келеді. Ол ішкі саясаттың 2025-ші жылға арналған күн тәртібін анықтайды. Мемлекеттік кеңесші Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді. Ерлан Қарин мұндай тәсіл мемлекеттік органдар үшін де, қоғам үшін де тиімді екенін алға тартады. Себебі, мемлекет саясатының мақсаттарын терең түсінуге септігін тигізіп, биліктің елімізді одан әрі дамытуға қатысты ұстанымын көрсететінін айтады. Оның пайымынша, бұл сұхбаттағы негізгі ой-тұжырым – елімізде ауқымды әрі жан-жақты реформалар жалғасын табады, алда атқарылатын жұмыс көп, сын-қатерге толы кезеңде күш-жігерімізді біріктіріп, қоғамның береке-бірлігін сақтай білу керек.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?