Мемлекет
басшысы Түрікменстан Президентімен кездесті. Қазақстан Президенті Теңізге шығар жолы жоқ дамушы
елдерге арналған Біріккен ұлттар ұйымының үшінші конференциясына шақырғаны үшін
Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған іс-шара осы
санатқа жататын елдердің жағдайына қатысты өзекті мәселелер туралы пікір
алмасып, нақты шешімдер әзірлейтін маңызды алаң екеніне назар аударды. Кездесу
барысында сауда-экономика, энергетика, көлік-транзит салаларындағы
серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.
Кейін Қасым-Жомарт
Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының
үшінші конференциясына қатысушы делегация басшыларымен бірге Орталық Азия
елдерінің көрме павильонына барды. Ұлттық нақышта безендірілген Қазақстан
экспозициясы ерекше көзге түсті. Павильонда қонақтарға ұлттық
салт-дәстүрлерімізден театрландырылған қойылым ұсынылды. Сондай-ақ, Түрікменстан,
Қырғызстан, Өзбекстан елдері де өз павильондарын таныстырды.

