Душанбеде Қазақстан мен Беларусь ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады

Душанбеде Қазақстан мен Беларусь ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады

2024 жылы Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 900 млн долларға жетті. Биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артып, 200 млн долларға жуықтады. Қазақстан Үкімет басшысы Олжас Бектенов Душанбеде Беларусьтің Премьер-министрі Александр Турчинмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу Тәжікстандағы ТМД ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кеңесі аясында өтті. Сонымен қатар, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды үйлестіру қажеттігі айтылды. ТМД шеңберінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және екі ел халқының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі бірлескен бастамалар талқыланды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?