Байқауға экономиканың өзге де салалары қатыса алады. Ең бастысы, қатысушыда қызықты әрі тың жоба болуы жеткілікті. Стартап жаңашылдық, коммерциялық тартымдылық, ауқымды әлеует сияқты критерийлер бойынша бағаланады. Айта кетейік, қазақстандық бизнес-инкубаторлар 10 сәуірден бастап 10 мамырға дейін өз өтінімдерін бере алады.
Данияр Бектенов, Qazinnovations перспективтік даму орталығының директоры:
- QazInnovations осы бағдарламаның операторы ретінде жұмыс істеп келеді. Биылғы жылы еліміздің барлық инкубаторлары арасында конкурс өткізу жоспарлануда, онда олар өтініш беріп, біздің кеңестің алдында өз бизнес-жобаларын ұсына алады. Кейін жобалар пулы жасақталған, тәжірибесі мол, әрі білікті командасы бар ең ұтымды деген инкубаторлардың жеңімпаздары анықталады. Бизнес-инкубаторларды қолдау бағдарламасы биыл 7 немесе 10 стартапшыға қолдау көрсетеді деп күтілуде, олар өз кезегінде 10-20 стартап идеяларын инкубациялайды. Кейін мемлекеттік гранттарға қатыса алады немесе жобаның оң және теріс жақтарын анықтаған кезде өз бетінше жүзеге асырады. Не болмаса жеке инвестиция тартады.