«Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» – Құрылтай сайлауына қатысып жатқан
саяси ұйымдардың бірі – «Әділет» партиясы осындай стратегиялық сессия өткізді.
Онда адами капиталды дамыту үшін заманауи білім беру жобалары қаралды. Жиында
Қазақстанның жасанды интеллектке оқытуға
басымдық беретіні айтылды. Мәселен, AI-Sana бағдарламасы бойынша 100 мыңнан
астам азамат білім алып, еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа дағдыларды
меңгерген. Бұдан бөлек, жиында мәдениет, экология және креативті индустрияны
дамыту мәселелері де талқыланды.

