Әлемде маймыл шешегінің 780 жағдайы тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, қазір вирус 27 елде анықталды. Еуропа мен Солтүстік Америкада орналасқан мемлекеттер үшін аталған ауру тән емес. Дейтұрғанмен, ауырғандардың ең көп саны 207 науқас - Ұлыбританияда, Испанияда - 156, Португалияда- 138 науқас тіркелді. Франция, Швеция, Австралия, Нидерланды, АҚШ, Словения және Чехия елдерінде де ауруға шалдыққандар анықталды. Иммунологтардың айтуынша, мутация салдарынан вирус ауа тамшыларымен таралу қабілетіне жетсе, маймыл шешегінің эпидемиясы белең алуы мүмкін. Қазір бұл инфекция тұрмыстық байланыс жағдайында таралады. Дәрігерлер вакцинация қажет деп есептейді. Ол үшін табиғи шешекке қарсы вакцина да жарамды.