Қазақстанда маймыл шешегі ауруын емдеу бойынша хаттама әзірленіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Тиісті хаттама 2-3 апта ішінде департамент жанындағы бірлескен сапа комиссиясында қаралмақ. Бүгінде елімізде ауруды анықтауға арналған мыңнан астам тест бар. Дегенмен әзірге оларды пайдаланудың аса қажеті жоқ, деп атап өтті салалық ведомстводағылар. Айта кетейік, Қазақстанда маймыл шешегіне күдік тудырған науқастар әлі анықталмаған.