Ядролық медицинаның бірегей тәсілдері

Бас миы және қуықасты безі обырының диагностикасы. Астанадағы Ядролық медицина орталығында отандық ғалымдар бұған мүмкіндік беретін дәрілер әзірлеп жатыр. Оны қабылдаған науқастың диагнозы томографияда бірден көрінеді. Яғни, бұл препараттардың құрамындағы радиоизотоптардың ең аз мөлшері дәрігерлерге қатерлі ісікті ерте бастан анықтап, науқасқа дұрыс ем тағайындауға көмектеседі. Аталмыш терапияны Президент іс басқармасының медициналық орталығында өтуге болады. Мұнда диагностиканың ең озық кешені ұсынылған. Онда науқасқа радиоактивті препарат егіліп, бүкіл ағзасы тексеріледі.


Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры:


- Атом энергиясын экономиканың кез келген саласында қолдану қажет. Мәселен, радиофармпрепараттары, яғни, онкологиялық ауруларды емдеу және диагностика жасау үшін радиофармпрепарат шығарады. Екінші бағыт, мысалғы, радиоизотоптарды мұнай және газ өндірістеріне қажеті радиоизотоппен шығара аламыз. Неғұрлым технология өз елімізде өніп артқан сайын, Қазақстанның деңгейі де артады.

Бүгінге дейін ядролық медицина орталығында радиоактивті элементтерден 7 түрлі дәрі әзірленген. Алдағы екі жылда тағы екеуі жасалып, қолданысқа енгізілмек.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?