Черногорияда Абай орталығы ашылды

Черногорияда Абай орталығы ашылды

Абай Құнанбайұлының бай шығармашылығы енді Черногорияда танылады. Ұлы ақын, философ және ағартушының туғанына 180 жыл толуына орай Подгорица қаласында Абай атындағы орталық ашылды. Оның қорына 100-ден астам құжат тапсырылды. Бұл - Абайдың шет тілдеріне аударылған шығармалары, оның философиялық трактаттары, Абай тану жөніндегі кітаптар және басқа да ғылыми зерттеулер. Материалдарды Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасы мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы ұсынды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?