Сондай-ақ қос елдің іскерлік тобы инвестициялық жобаларды қаржыландыру бағытында ынтымақтастық құруға уағдаласты. Бұған қоса, әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Ал, еліміздің табиғат сақшылары Праганың хайуанаттар бағымен жойылып кету қаупі бар жануарларды бірге қорғайтын болады. Бұл ретте, Қазақстан аумағында 19-шы ғасырға дейін кең тараған Керқұлан немесе Пржевальский жылқыларын қайта жандандыруды көздеп отыр.
Мирослав Бобек, Праганың хайуанаттар бағының директоры
- Жаңылмасам Пржевальский жылқылары осыдан 2-3 мың жыл бұрын осы жерлерді мекен етті. Біз осы Керқұлан тұқымын Қазақстан аумағына қайтару үшін мемарандум жасастық. Ең алдымен қолайлы жер тауып, инфроқұрылымды дайындаймыз. Кейін барып Прагаға Германия, Венгрия сынды басқалда елдерден жылқыларды жеткіземіз. Содан соң ғана Чеғиядан Қазақстанға тасымалдай бастаймыз.
Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы өткен жылы 370 млн доллардан асты. 2021 жылмен салыстырғанда өсім 70%-ке жуықтаған. Чехия Қазақстан экономикасына 2005-шы жылдан бері шамаман 12 млн доллардан астам инвестиция құйған.