Жыл басынан бері
Құрық теңіз порты арқылы бір жарым миллион тоннаға жуық жүк ауыстырылып,
тиелді. Бұл 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 15% артық. Қазақстан темір
жолының мәліметінше, порт арқылы отандық мұнай мен мұнай өнімдері, металдар,
тыңайтқыштар, химия өнімдері тасымалданады. Сонымен қатар Қытайдан, Орталық
Азия республикаларынан Әзербайжан, Грузия, Түркия бағытында, сондай-ақ, одан әрі Шығыс Еуропа елдеріне және кері қарай
жүк транзиті артып келеді. Естеріңізге сала кетейік, теңіз айлағында жүктерді
ауыстырып тиеу көлемін арттыру міндеті тұр. Осы мақсатта мұнда порт
акваториясының түбі тереңдетіледі.