Қазақстан халықаралық астық нарықтарындағы өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Мәселен Иран мен Әзербайжанға астық жеткізу қайта қалпына келе бастады. Тек Иранның өзіне жаңа орақ өнімін тасымалдау бірден 30 есеге артқан. Әзербайжанға әзірге 188 мың тонна экспортталды. Өсім 2 есеге жуық. Былтыр Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан мен Ауған елдері де қазақстандық астықты 45-60% аралығында көп импорттаған. Жалпы отандық тасымалдау операторының дерегінше, 2024-ші жылдың қорытындысы бойынша 10 жарым млн тонна шамасында астық тасымалданса, оның 8 млн тоннадан астамы экспорттың үлесіне тиесілі. Ал, өткен жылдың қыркүйегінен желтоқсан айына дейін 3,9 млн тонна өнім сыртқа жіберілді. Яғни, былтырғы осы кезеңдегі жаңа өнім экспортынан 57% артық.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

