БҰҰ Украинаға бірден екі ауқымды төтенше гуманитарлық көмек бағдарламасын іске қосты. Олардың бірі тікелей қақтығыс аймағында жүрген адамдарды қолдауға бағытталған. Екіншісі – елден кетуге мәжбүр болған украиналықтарға көмек көрсету. БҰҰ Бас хатшысының айтуынша, бұл мақсаттарға шамамен 2 млрд доллар қажет. Екі бағдарлама да дәрі-дәрмек, ауызсу, палаталар мен қорғаныс құралдарын сатып алуды қамтиды.
Мартин Гриффитс, БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық сұрақтар жөніндегі орынбасары:
- Елдегі осал топқа жататын 6 млн украиналық үш айда 1 млрд 100 мың долларды қажет етеді. Қаншама адам зейнетақысын ала алмай отыр. Қаншама тұрғын медициналық көмектен құр қалды. Жиналған ақшаға ел ішіндегі және көрші мемлекеттерге босып кеткен украиналықтарды тамақпен және баспанамен қамтамасыз етеміз. Медициналық көмек көрсетеміз.