Қазақстанның барлық аймағында төтенше жағдай режимі жарияланды. Соңғы болып Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында шектеу енгізілді. Бұған дейін Шымкент қаласы мен Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстарында да төтенше жағдай жарияланған. Мұндай режим 19 қаңтар түнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады. Ережеге сәйкес елді мекендер мен қалаларға кіріп-шығуға тыйым салынады. Жүріп-тұру шектеледі.