5 мыңнан астам қазақстандық жас кәсіпкерлік
бастамаларын жүзеге асыру үшін жеңілдетілген несие алуға үмітті. Бүгінде аграрлық кредиттік корпорация келіп түскен өтінімдердің 3 мың 300 -ден астамын мақұлдаған. Оның 2 жарым
мыңнан астамына шағын несие рәсімделіп үлгерді. Өзгелері қаржыландырылу
үстінде. Құпталған жобалардың басым көпшілігі мал және өсімдік шаруашылықтары, қызмет көрсету, сауда және жеңіл өнеркәсіп сынды бағыттарды қамтиды. Жылдық
сыйақы мөлшерлемесі 2,5% құрайтын несие 21-ден 35 жасқа дейінгі жастарға өз
кәсібін ашуға немесе оның іргесін кеңейтуге беріледі. Жалпы биыл бағдарлама
аясында 29 млрд теңгеге 5 800-ге жуық шағын несие беру жоспарланып отыр.