БҰҰ Бас хатшысы: Біз үшін Қазақстан – жоғары дәрежелі серіктес

БҰҰ Бас хатшысы: Біз үшін Қазақстан – жоғары дәрежелі серіктес

«Қазақстан – жоғары дәрежелі серіктес, мәдениеттер, діндер және өркениеттер арасындағы диалогтың жолсерігі». Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесуде осылай деді. 

Сондай-ақ, ол елімізге Орталық Азияның басты тірегі әрі Шығыс пен Батыс арасындағы көпір деген баға беріп, БҰҰ бастамаларына тұрақты қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді. Бас хатшы сондай-ақ республиканың бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға және адам құқықтарын қамтамасыз етуге қосқан үлесі туралы айтты. Өз кезегінде Мұрат Нұртілеу Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтары, Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстандағы тұрақты даму жөніндегі Өңірлік орталығын құру шеңберіндегі бастамасы және елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы айтты. Тараптар Нью-Йоркте өткен Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы аясында кездесті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?