Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінде экология мәселесі көтеріледі

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінде экология мәселесі көтеріледі

Жаһандық және экологиялық дағдарыс бүгінде күллі әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселе. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдайда дін адамзатқа табиғатты қорғауды парыз ретінде насихаттай алады. 17-18 қыркүйекте елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінде талқыланатын бағыттың бірі осы болмақ. Форум тек диалог алаңы ғана емес, нақты шешімдер қабылданып, құжаттар халықаралық ұйымдарға жолданатын беделді мінберге айналды. Сондай-ақ, форумда жасанды интеллект дәуіріндегі рухани құндылықтардың орнықты дамудағы рөлі секілді өзекті мәселелер де қаралады. Жиынға әлемнің 60 елінен жүзден астам делегат қатысады деп жоспарланып отыр.

Руслан Ибраев, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы департаментінің директоры:

- Діннің өзін қарайтын болсақ, оның түбінде қоршаған ортаға, адамзатқа деген құрмет, яғни оның игілігін, байлығын тиімді қолдану. Осы тұрғыдан алатын болсақ, мынау біздің дін лидерлері, әлемдік дін лидерлері бұл құндылықтардың қаншалықты баға жетпес дүние екендігін біледі. Яғни ол кісілердің экологияға қатысты айтары көп. Бұл ұсыныс ретінде құжатқа айналуы керек деген съездің аясында осындай бастама көтеріліп жатыр. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?