Алматыда Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсететін хаб құруды БҰҰ қолдады. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Қазақстандық мегаполис Кабул қаласынан 3 сағат қашықтықта орналасқан. Бұл көлік-логистика тұрғысынан, яғни Ауғанстанға гуманитарлық көмекті жинау, сақтау, үлестіру және оны жөнелту үшін ыңғайлы. Қазақстанның бастамасын БҰҰ ресми өкілдері оң бағалап отыр. Алматыдағы хаб Ауғанстан экономикасын құлдыраудан, босқындар легі артуынан және өзге гуманитарлық салдардың алдын алуға сеп болатын үйлестіру орталығына айнала алады. Хаб жұмысын ұйымдастыру мәселелері мүдделі тараптармен келісілген соң тағы да талқыланатын болады, деп хабарлайды еліміздің сыртқы саясат ведомствосынан.