Қазақстан геологиялық барлау мен кен орындарын игеруге инвестиция тартады. Қазіргі уақытта Үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға берілген келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осылайша талдау барысында өкілетті органдар міндеттемелерін дұрыс орындамай отырған қатты пайдалы қазбаларға қатысты 148 және көмірсутек шикізатына қатысты 27 келісімшартты анықтады. Олармен келісімшарттар тоқтатылады, ал кен орындары жаңа инвесторларға беру үшін аукционға шығарылады. Осы шаралардың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласына, бірінші кезекте қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру бойынша инвестициялар ағыны ұлғаяды.