Биыл Қазақстанда 280 астам инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінде тартылған көлемнен 18% артық.  Осы орайда тау-кен мен өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, ауыл шаруашылығы салаларының көрсеткіштері жоғары. Мұндай деректер ел Премьер-министрінің қатысуымен өткен Инвестициялық штаб отырысында келтірілді. Әлихан Смайылов Үкімет алдында жыл соңына дейін негізгі капиталға 18 жарым трлн теңге салу міндеті тұрғанын баса айты. Биыл  экономикаға кем дегенде 24 млрд доллар тікелей шетелдік капитал тартылуы тиіс. Ал 2029 жылға дейін оның деңгейі 150 млрд долларға жету көзделген. Жалпы осы жылы елде 1,9 трлн теңгеге 280 астам инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Инвесторлардың үздік ондығына Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Бельгия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Франция, Ұлыбритания және Германия елдері кірді.