Биыл Астана қаласының табысы 1 трлн теңгеден асты

Биыл Астана қаласының табысы 1 трлн теңгеден асты

Елорданың жеке табысы алғаш рет 1 трлн теңгеден асты. Астана қаласының әкімі бұл барлық негізгі санат бойынша салық түсімдерінің өсуіне байланысты екенін алға тартады. Оның дерегінше, бас шаһардың жалпы өңірлік өнім көрсеткіші бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 7% құрады. Бұл ретте өндіріс секторының үлесі артқаны байқалады. Әсіресе өнеркәсіп және құрылыс салаларының даму қарқыны белсенді. Негізгі драйвер шағын және орта бизнес. Оның қала экономикасындағы үлесі 72% жетті. Бұл ел бойынша ең жоғары көрсеткіш. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес нысандарының саны 7,3% өсіп, 247 мыңнан асты. Биыл Қазақстанның Астанасына тартылған инвестициялар көлемі де біршама артқан. 

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

- «Инвестиция көлемі 1,6 трлн теңгеден асып, 20,4% ұлғайды. Бұл соманың 70%-дан астамы жеке инвестициялар. Елорданың құрылыс секторының қарқыны 870 млрд теңгеден асты. 11 айдың ішінде 3,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4% көп. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 4 млн шаршы метр тұрғын үй белгісінен асады жоспарлап отырмыз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?