BITCOIN бағасы тағы да тарихи максимумға жетті

50 мың доллардан жоғары. Биткоиннің бүгінгі бағасы осындай. Жаһандық криптовалютаның құны кезекті рет тарихи максимумға жетті. Жыл басынан бері биткоин 69 процентке қымбаттаған. Қазақстандық сарапшылардың айтуынша, бұл шарықтау негізінен ұсыныстан гөрі сұраныстың күрт артуымен тікелей байланысты.

АРМАН БАЙҒАНОВ, ЭКОНОМИСТ:

 - Біріншіден, бұл сатып алушылардың сенім білдіруі. Бұл қаржылық пирамидадан гөрі, алыпсатарлық құбылыс десек те болады. Осыдан үш жыл бұрын биткоин бағасы шамамен 10 мың доллар болғанда, мен мақала жазып, 2021 жылы 50 мың долларға дейін қымбаттайтынын болжаған едім. Екінші жағдай, биткоин және оның  фьючерстері де ресми инвестициялық активтер қатарына қосылғаны белгілі.

Атап өтерлігі, электромобильдердің ірі автоөндірушісі 1,5 млрд долларға биткоин сатып алғаны туралы мәлімдеме жасағаннан кейін оның бағасы күрт шарықтап кеткен болатын. Ал мамандар не дейді?

АРМАН БАЙҒАНОВ, ЭКОНОМИСТ:

 - Аталған қаржы құралына қатысты көзқарасым мынадай: болжам жасау қиын болғандықтан, биткоинның қаржы пирамидасына тән белгілері бар. Оның қамсыздандырылуы мүлдем жоқ. Сондай-ақ, соншалықты қымбат тұратындай ол төлем жүйесі ретінде де кең таралған жоқ қой. Сондықтан биткоин кез-келген сәтте құлдырауы мүмкін.

 

Авторы: Ақзер Сегізбай