Қазақстанда бельгиялық фермерлер әлемге танымал көк сиырдың тұқымын өсіруге қызығушылық танытып отыр. Олар асыл тұқымды сиырдың ұрығын елімізге экспорттап қана қоймай, жергілікті шаруалармен фермаларды басқару мал шаруашылығына жаңа технологияны енгізу тәжірибесімен бөлісуге дайын. Тиісті келісімдерге қазақстандық делегацияның Корольдікке жасаған сапары барысында қол жеткізілді.
Марғұлан Баймұхан, Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі елшісі:
- Біздің фермерлер ірі қара мал өсіру мен ет және сүт бағытындағы өндіріс секторында белгілі бір технологияларға мұқтаж. Менің ойымша, мұндай сапарлар өте қажет. Сондықтан қазақстандық шаруалардың Бельгия провинцияларына келуі үшін қажетті жұмыстарды ары қарай жалғастыра бермекпіз. Тағы бір айта кетерлік жайт, жуырда бельгиялық серіктестеріміз қазан айында Астанада өтетін «ҚазАгро» агроөнеркәсіптік көрмесіне қатысуды жоспарлап отыр.
Өмірбек Алтангадас, мал шаруашылығы кәсіпорнының бас директоры:
Екі күн бойы бельгиялық ақбас тұқымын қызықтадық, сосын сүтті бағыттағы ешкілердің фермаларын қызықтадық. Әрине, жақсы идеялар қалыптасты. бүгін осы барған фермамызда сүтті ешкі бағытында жұмыс жасап жатқан адамдармен танысып, сөйлесіп, тәжірибе алмастық. Тәжірибе алмасу мақсатында бұл кісілер де бізге осы қазанның жетісі күні келетін болды. Делегациямен. Бізге қалай эмбрионды орналастыруға болады. Қалай асылдандыруға болады? Біздегі жай тұқымды малдар 7-8 айда 200 кг жетпей жатса, бұл кісілерде 350-400 кг дейін алатын жағдайға келіп жатады.