Ұлттық ұланда наурыз мерекесіне орай әскери-спорттық эстафета өтті

Ұлттық ұланда наурыз мерекесіне орай әскери-спорттық эстафета өтті

Бүгін Қазақстанда Наурызнама онкүндігінің жетінші күні - Ұлттық спорт күні аталып өтті. Көкпар, тоғызқұмалақ, қазақ күресі сияқты қазақтың ұлттық ойындары әлемге танылып, оларға деген қызығушылық артып келеді. Наурызнама аясында Ұлттық ұланның әскери бөлімінде әскери-спорттық эстафета ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушылар өздерінің күшін, ептілігін және командалық рухын көрсетіп, белсенділік танытты. Олар классикалық әскери жаттығулармен қатар ұлттық спорт түрлерінде де шеберліктерін паш етті. Әскерилер автоматты бұзып-жинап, топтық жүгіруде бақ сынап, арқан тартыс, гір көтеру сияқты жарыстарға қатысты.


Әділет Мұратов, Рота командирінің орынбасары:

- Біз бұл шараны әскери дайындықты арттырып, Ұлттық ұлан сарбаздарының ұжымдық ауызбіршілігін нығайту мақсатында ұйымдастырдық.

Берік Мүсілімов, Жауынгерлік дайындық бөлімінің аға маманы:

- Бұл жарысқа 4 команда – «Сұңқар», «Қайсар», «Арлан» қатысып жатыр. Сарбаздар бұл сайысқа тыңғылықты дайындалып, жақсы ойын өрнегін көрсетіп жатыр деп ойлаймын.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?