Балалар урологиясы, ортопедия және балалар нейрохирургиясы. Қазақстандық дәрігерлер түрік әріптестерінен осы бағыттарда шеберлік үйреніп, біліктіліктерін шыңдамақ. Осы мақсатта Ыстамбұлда елордалық №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасы мен Ажыбадем ауруханасы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Денсаулық сақтау саладағы менеджмент пен басқаруды дамыту– ынтымақтастықтың тағы бір бағыты болмақ. Сапар барысында қазақстандық мамандар әлемнің үздік орталықтарының бірі CASE симуляциялық орталығында болып, инновациялық технологиялар мен емдеу әдістерімен танысты.
Гүлнар Кулушева, №2 қалалық көпсалалы балалар аурухана директоры:
– Балалар жылы қарсаңында біз Түркия елімен, осындағы әріптестерімізбен тығыз жұмыс жасап жатырмыз қазір. Халықаралық шеберлік өткіздік осыған дейін. Хирургия, балалар хирургиясы тақырыбында үлкен жұмыс жүргізілді. Осы жақтан, Түркия елінен біздің Қазақстанға дәрігерлер келіп, кішкентай біздің нәрестелерімізге ота жасады. Ол тек Нұр- Сұлтан қаласымен емес, жан- жақтан келген балалардың қандай да бір ақауы болса тауып, соған ота жасап көмектесті. Мұндай халықаралық іс-шаралар дың себебі – өзіміздің түрік әріптестерімізбен тәжірибе алмасу, негізгі мақсаты мұндай кездесулердің.
Илияс Бенминисте, Ажыбадем ауруханасы халықаралық байланыстар бөлігі басшысы:
– Бүгін денсаулық саласында маңызды келісімге қол қойдық. Мұндағы мақсат – мамандар арасында өзара тәжірибе алмасу, болашаққа ортақ жоспар құру. Көпсалалы балалар ауруханасымен біраз уақыттан бері бірлесе жұмыс істеп келеміз. Түрік дәрігерлері Қазақстанға барып, тәжірибелерімен бөлісті.