Байқоңырдан Жеңістің 80 жылдығына арналған зымыран ұшырылды

Байқоңырдан Жеңістің 80 жылдығына арналған зымыран ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Жеңіс зымыраны» ұшырылды. Бұл Жеңістің 80 жылдығына арналып отыр. «Союз МС-27» басқарылатын ғарыш кемесі 73-ші ұзақмерзімді экспедицияны Халықаралық ғарыш станциясына жеткізді. Оның құрамында Роскосмос ғарышкерлері мен NASA астронавты бар. Олар орбитада 245 тәулік болады. Экипаж 50 ғылыми зерттеу жүргізеді. Айта кетейік, осы жолы ұшырылымды тамашалау үшін ғарыш айлағына 2 жарым мың турист жиналды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?