Елде болған жаппай тәртіпсіздікке байланысты бас прокуратура қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғады. Оның бірі – терроризм актін жасау, екіншісі – жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және оған қатысу. Бұл үшін Президенттің тапсырмасы бойынша ведомствааралық жедел тергеу тобы құрылды. Оның құрамына ІІМ; ҰҚК мен өзге де құқық қорғау органдарының мамандары кірді және арнайы прокурор жетекшілік етеді. Қылмыстық кодекстің бұл баптары бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырудан бастап азаматтығынан айырып, өмір бойына түрмеге қамауға дейінгі жаза қарастырылған.
Ризабек Ожаров, ҚР Бас прокуратурасы арнайы прокурорлық қызметінің бастығы:
- Топтың құрамына арнайы прокурордың жетекшілігімен ІІМ мен ҰҚК және басқа да құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлері қосылды. Қазіргі таңда қылмыс іздері анықталып, бекітілуде. Осыған орай азаматтардың видеокамераларына және ұялы телефондарына жазылып алынған құқықбұзушылықтарды сақтап қоюды сұраймыз. Басқа да ақпарат болған жағдайда біздің 115 колл-центрге хабарласа аласыздар. Қазіргі таңда тергеу тобы Алматы қаласында орналастырылады. Сол себепті Алматы прокуратурасы және бізде көрсетілген колл-номерлеріне хабарласып, барлық деректі көрсетесіз.