Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде Қазақстан БҰҰ-ның әлеуеті мен рөлін арттыра түсуін қолдайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды. Президент еліміздің осыдан 30 жыл бұрын БҰҰ-ға мүше болып, жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты жемісті ынтымақтастық жасап келе жатқанын атап өтті.