Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Apple компаниясының бас директорына iOS операциялық жүйесінің жаңа нұсқасына кирилл қарпінен латын графикасына автоматты түрде транслитерация жасауды ұсынды. Министрдің айтуынша, бұл қадам біздің ел азаматтарының латын әліпбиіне тез бейімделуіне мүмкіндік береді.
«Барлық қазақстандықтардың атынан Тим Кукқа қазақ тілін iOS және автоматты ауыстыру сияқты түрлі функцияларға қосқаны үшін алғыс білдіремін. Сондай-ақ Apple кирилл қарпінен латын графикасына автоматты түрде транслитерация жасау қызметін де қосса, риза болып қалар едік»,- деді Бағдат Мусин.
Жақында Apple iOS 16 ұялы операциялық жүйесін таныстырды. Оған алғаш рет қазақ тілі енгізілді. Бұл өзгерісті iPhone-нің барлық соңғы үлгілерінде пайдалана алады. Ескі құрылғыларда операциялық жүйенің алдыңғы нұсқасы қалады.