Осылайша, қытайлық компания Жамбыл облысында қуаттылығы 1 ГВт жел электр станцияларын, жел турбинасына арналған мұнаралар мен қанаттарын шығаратын зауыттарды, генераторларға арналған гондолаларды құрастыратын кәсіпорындарды салуды көздеп отыр. Инвестор бұл жобаларға шамамен 150 миллион доллар бөлуді көздеп отыр. Сонымен қатар Қостанай облысында тағы бір жел электр станциясы салынады. Әкімдіктің мәліметінше, жоба 2027 жылға дейін жүзеге асырылады. Оның қуаты 50 МВт-қа жетуі мүмкін. Айта кету керек, өткен жылы облыста 26 млрд теңгеден астам жеке инвестицияға Ыбырай жел электр станциясы іске қосылды.